23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқығын қорғау күніне орай «Кітап.Ел.Рух»
Қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты ауылдық кітапханалардың ұйымдастыруымен 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқығын қорғау күніне орай «Кітап.Ел.Рух» атты әдеби автобус шарасы өткізілді. №14 бағыттағы автобус іші-сырты дәйекті сөздермен, шарлармен безендіріліп Рухани байлығымыздың қайнар бұлағы кітапты ұлықтау мақсатында лық толы жолаушыларымен кезекті сапарына бет алды.Қазіргі кезеңде Елімізде интернет желісінің өте кең ауқымды таралуы , электрондық ақпараттардың көптігі,қажетті білімді электрондық парақшадан ақ қағазға көшіру жастарымызды кітаптан алшақтатып барады. Адамзат даналығының алтын кілті кітап, әрбір халықтың кемелдікке келгенін, өркениетті қоғамға қадам басқанын көрсететін қасиетті орын-кітапхана екенін түсіндіре отырып, кітап оқуға шақыру, кітаптың құдіреттілігін түсіндіру, жастардың кітапқа деген қызығушылығын ояту.- деген мақсаттағы «Әдеби автобус» шарасы өз мәресіне де жетті.







