Қазақ әдебиетіндегі айтулы тұлға
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №15 Талсуат ауылдық кітапханасында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халық жазушысы Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына орай «Қазақ әдебиетіндегі айтулы тұлға» атты әдеби портрет өткізілді. Шара барысында жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы кеңінен таныстырылды. Жас оқырмандар жазушының «Күй аңызы», «Жоғалған дос» әңгімелерінен дауыстап үзінділер оқып, нәтижесінде туындайтын ой-пікірлерін ортаға салды. Кітап көрмесі бойынша «Шуағың сөнбесін», «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін», «Алғашқы ән», «Қызғаныш», «Алыстан жеткен сарын» шығармаларына шолу жасалды. Қатысқаны – 21.










