Көксерек
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №20 кітапхананың ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің классигі, зерттеуші Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесінің 95 жылдығына орай Әли Мүслімов атындағы №101 мектеп-лицейдің 7 «б» сынып оқушылары қатысуымен кітап талдауы өткізілді.
«Көксерек» — адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма. Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Адам қолында өскен, бірақ адамға қиянат еткен, оның ет-бауырын езіп, жараспаған көкжал сол адам қолынан өлім тапқанын суреттейді.
Шығарманы талдау барысында оқушыларға Көксеректің бойынан түз тағысына тән қандай әрекеттер мен мінез-құлықтарды байқауға болатындығы, Көксеректің жауыздығы мен өшпенділігіне қандай себептер болғаны, шығарманың негізгі идеясы мен мақсаты, бұл шығармадағы адамдар мен қасқырлардың ұқсастығы неде деген сынды сұрақтар қойылып, жас оқырмандар толықтай атсалысып, әңгімеден түйген ойларымен бөлісті. Шығарма бойынша «Көксерек» фильмі түсіріліп, қазақ, неміс, орыс тілдерінде спектакльдер қойылды. Фильм 1973 жылы түсірілген, тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеуде өтті. Фильмнің режиссері – Толомуш Өкеев.