Ұлт бірлігі-ұлы байлық
1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледж студенттері мен өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Ұлт бірлігі-ұлы байлық» атты мерекелік калейдоскоп өткізді. «Қазақстан-достық мекені» атты кітап көрмесі бойынша кітапханашы Молдасанова Гүлзия жастарымызға бүгінгі көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығы жайлы, ынтымақтастығы жайлы айтып, кітап көрмесімен таныстырды. Кітапханамыздың белсенді оқырмандары Александр Бойко, Ольга Хан, Олег Волошин алып, мерекелік шараға арнаған өздерінің жүрек жарды өлең шумақтарын оқып берді. Мерекелік калейдоскоп әсем әнге жалғасты. Лед экраннан 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне арналған деректі фильм көрсетіліп тұрды.










