Ән падишасы - Әміре

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Талдыарал ауылдық №11 кітапханасында "Ән падишасы - Әміре" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме мақсаты әншілігі елден асқан қазақтың дарынды ұлылардың бірі, сонау жиырмасыншы ғасырдың басында қазақтың әншілік өнерін әлемге паш етіп, орыстың, батыстың ұлы мәдениет қайраткерлерінің назарына іліккен ән атасы Әміре Қашаубаевты жас ұрпаққа таныстыру, насихаттау. Сонау 1925 жылы Францияның Париж қаласында өткен бүкіл дүниежүзілік ән өнері көрмесіне қатысып "Ағаш аяқ", "Қанапия", "Үш дос", "Жалғыз арша" т.б әндерін орындап күміс медаль алды. Оның орындалған әндерінің дүниежүзі мәдениетінің ірі өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс тарапынан жоғары баға алды. Көрмеге  қойылған кітаптар оқырмандарға таныстырылды.
28 сәуір 2023 ж. 201

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам