«Ақиқат» повесі
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасы мен Әбубәкір Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицей кітапханасымен бірлесе ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 2023 жылғы Жыл таңдауына қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлен Әбдіковтің «Ақиқат» повесінен оқырмандар конференциясы өткізілді. Төлен Әбдіковтің «Ақиқат» повесі 1974 «Жазушы» баспасынан жарық көрген.
Төлен Әбдіковтің «Ақиқат» повесі фантастикалық шығарма. бас кейіпкер Робберттің үзік – үзік санасындағы жаңғырықтар абсолютті шындық, адам мен әлем, жаратылыс пен мәңгіліктің философиялық толғамдарына құрылған.
Кітапхананың белсенді жас оқырмандары Амангелді Ақмаржан, Тұрсынова Тұрсынай, Қалдыбек Жапсал, Дүйсенәлі Мереке, Бақытжанова Нұрсезім, Ерген Әлібек, Қанибек Айсұлтан, Қуанышқызы Сұлуай, Батырбекова Айгерімповесть бойынша ақша, мансап, дүниеқоңыздық билеген капиталистік қоғамды бүгінгі күнмен салыстыра отырып оқиғалар, бас кейіпкер Роберт туралы айтып, шығарма бойынша туындайтын көп сұрақтарға жауап берді.