Жыр тамған жүрек іздері
№6 кітапханада ақын К.Өтегеновтің 80 жылдығына орай «Жыр тамған жүрек іздері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шығыстың інжу-маржандарын қазақ тіліне аударып, қазақ поэзиясында жаңа қырынан таныла білген, халқына танымал ақын К.Өтегеновтің «Шығыс шайырлары» атты бес томдық шығармалар жинағы оқырман қауымға насихатталды. Кітапхана қызметкерлері ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріп, «Фирдоуси», «Омар Хайям», «Рудаки», «М.Ғабдуллин», «Бауыржан», «Жамбыл ізімен» т.б өлеңдеріне тоқталып үзінділер оқыды.







