Бірлігіміз жарасқан ел ұланымыз

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасы мен қалалық оқушылар мен жасөспірімдер үйімен бірлесіп, 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бірлігіміз жарасқан ел ұланымыз» атты  мерекелік кеш жас оқырмандар қатысуымен өткізілді.
   Мерекелік шара «Жанайым» би тобының орындауындағы қазақ биімен ашылып,  жас оқырмандар қазақ ақындарының жыр-жолдарын жатқа оқыды.
   Кеш барысында «Вокал» үйірмесінің оқушысы Серікбай Дамир «Туған жер», мүшелері Туған жер», «Ана» әндерін, «Сыр жұлдыздары» тобы «Бақыт деген сенің бала күндерің», «Асыл мұра» дәстүрлі әншілер ансамблі «Тобылғысай», «Домбыра» «16 қыз» әндерін орындады. «Сымбаттым» би ансамблінің өнерпаздары «Өзбек» биі, «Шалқыма қазақ биі», «Үнді» билерін мың бұрала билеп, көрермендердің ықыласына  бөленді. Кешке арнайы 3 бөлімді «Қазақ балалар ақын-жазушылары», «Ынтақты  елдің-ырысы мол», «Ертегілер елінде» атты кітап көрмелері жасалып, шолу жасалды.
   Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры Г.О.Құдайбергенова құттықтау сөз сөйлеп, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты» аға оқытушысы Кулумбетова Жанар Конысбекқызы  қорытындылады.
     
02 мамыр 2023 ж. 192

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам