Өнері бойға қуат, өмірі үлгі
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапхананың ұйымдастыруымен айтыс ақыны Манап Көкеновтың туғанына 95 жыл толуына орай «Өнері бойға қуат, өмірі үлгі» атты жыр кеші №11 мектеп-лицейінің 8-9 сынып оқырмандары арасында өткізілді. Қазақстанның халық ақыны, айтыс өнерінің өрен жүйрігі, ұлт өнерінің хас шебері Манап Көкеновтың асыл мұрасын, жатқа оқыды. Ақынның Нартай Бекежанов, Асқар Тоқмағанбетов, Тәушен Әбуова бастаған ақиықтарымен айтысқан сүре айтыстары үзінділерін жас оқырмандар жатқа оқыды. Ақынның өмірі мен шығармашылығынан «Айтыстың Ақсұңқары» атты кітап көрмесі жасалып, шығармаларына шолу жасалды. Шараны кітапханашы Ш.Байымбетова қортындылап, оқушыларға кітап сыйға ұсынылды.







