Жырымен жас ұрпақты тербеткен

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 20 кітапханада   көрнекті балалар ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты  С. Қалиұлының 80 жыл мерейтойына орай « Жырымен жас ұрпақты тербеткен» атты поэзия сағаты болып өтті. С. Қалиұлы ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Жас бүлдіршіндер ақынның  «Біз шадыман баламыз» атты балаларға арналған кітабынан  өлеңдерін жатқа оқып,  жаңылтпаштар айтып,  жұмбақтар  шешті. Сонымен бірге балалардың қиялын, ойын дамытуда өлеңмен жазылған ертегілерін дауыстап оқыды. Поэзия сағаты Ә. Мүсілімов атындағы № 101 мектеп лицейінің 2 «А» сыныбының қатысуымен өтті. 
03 мамыр 2023 ж. 188

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам