Ұранды елдің-ұрпағы қайсар
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 4 кітапхананың ұйымдастыруымен 7 мамаыр отан қорғаушылар күніне орай «Ұранды елдің-ұрпағы қайсар» атты патриоттық сағат № 253 орта мектебінің оқушыларымен өткізілді. Жас оқырмандарға еліміздің қорғаныс қабілетін танытатын әдебиеттермен қатар, елімізді сыртқы жаудан қорғаған қайсар мінезді батыр бабаларымыз жайлы, ерлікпен қаһармандықтың ерен үлгісін көрсеткен ержүрек бабаларымыз туралы қызықты кітаптар таныстырылып, оқуға ұсынылды. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың адамгершілік,патриоттық сезімдерін ояту,жас ұрпақты Отаннын сүюге тәрбиелеу.







