Батырлар елі

   9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне  орай №5 Абай ауылдық кітапханасында «Батырлар елі» атты ерлік сабағы өткізілді.  Шарада   Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Әнуар Әбутәліповтің ерен ерлігі, отаншылдық ұлы қасиеті жайлы мәліметтер кеңінен әңгімеленді. Оқырмандар батыр тұлғасымен тереңірек танысып, кітапхана оқырманы Алия Жәнібек ақын Адырбек Сопыбековтің  батырдың ерлігі жайлы "Жүрек жұтқан" атты дастанынан үзінді оқыды. Мақсаты:Оқырмандардың өн бойына батырдың ерлік істерін сіңіріп,елін, жерін қорғай білуге, қаһармандыққа, ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу болды.
04 мамыр 2023 ж. 481

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам