Жұлдызды Жеңіс тұғырлы тыныштық
9 мамыр – Жеңіс күніне орай №2 балалар кітапханасында «Жұлдызды Жеңіс тұғырлы тыныштық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жас оқырмандарға таныстырылды. Шолу барысында балаларға бұл мерекенін құндылығы туралы айтылып, Ұлы Отан соғысы туралы деректер мәліметтер келтірілді. Ұлы Отан соғысының батырлары туралы әдебиеттерге шолу жасалып, жауынгер жазушылар Қ.Қайсеновтың, Б.Момышұлының шығармалары ерекше аталды.







