Кітап арқылы ашылған сырлы әлем

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты   №14  Белкөл кітапханасында «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» атты  әдеби сағат өткізілді. Жас оқырмандар біріншіден кітапхана қорына жаңадан келіп түскен жаңа әдебиеттермен, кітап көрмелерімен танысты.   Ұлылардың кітап туралы даналық сөздерін жатқа айтып,   ақындардың кітапқа арнау өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар «Менің ең таңдаулы кітабым» тақырыбында өздерінң сүйіп оқитын кітаптарының мазмұнын қысқаша айтып, бір-біріне оқуға ұсынды.  Шара мақсаты: Кітап-адам өмірінің бірден-бір маңызды бөлігі, адам өмірінің қалыптасуына үлкен әсер ететін құрал екендігін айта отырып, балаларды кітап оқуға баулу, ойлау қабілеттерін арттыратын, ой-өрістерін дамытатын балалар әдебиеттерімен таныстыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету. Шараға №189 мектептің 8-9 сынып оқушылары қатысты. 
04 мамыр 2023 ж. 418

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам