Ер есімі ешқашан ұмытылмайды

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс және еңбек ардагері Камал Әбдірашидұлы Бердаулетовтің туғанына 100 жылдығына арналған «Ер есімі ешқашан ұмытылмайды» атты патриоттық сағат №43 мектептің 9 сынып оқушылары мен №282 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.
  Шара барысында соғыс және еңбек ардагері Камал Бердаулетовтың өмір жолы таныстырылып, кітапхана оқырмандары №43 мектептің 9 «Б» сынып оқушылары Э.Баймұрат,  Н.Амирханова  өз шығармашылықтарынан өлең арнап,   №43 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ардагердің жас буынға үлгі өмір жолынан әңгімелеп берді. 
05 мамыр 2023 ж. 469

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам