Бабалар ерлігі-ұрпаққа ұран

   «Туған жерге Туын тіккендер» жобасы аясында  9 мамыр Жеңіс күніне орай А.С.Пушкин атындағы  қалалық  орталық  кітапхана «Бабалар ерлігі-ұрпаққа ұран»   атты  патриоттық  кеш ұйымдастырды. Кешке арнайы «Ұлы Жеңіске-мәңгілік тағзым!» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылып, шолу жасалды. Кеш барысында кітапханамыздың белсенді оқырмандары, Смағұл Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің 1-курс студенттері  Н.Қаржаубайқызы,  Е.Тұрмахан,   А.Сырман,    Д.Жақсылыққызы,   А.Жақыпқызы  сұрапыл  соғыста елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын жатқа айтып, өздерінің авторлық жүрекжарды туындыларымен көрерменнің ризашылығына бөленді.
  Шараны  Смағұл Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Асылзат Мәжитқызы  қорытындылап   жастарға өзінің жылы лебізін білдіріп, кітапхана ұжымына үлкен алғыс білдірді.                                                      
     Шараға қатысқан оқырман саны-51 
 
05 мамыр 2023 ж. 198

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам