«Қонақтар» әңгімесі
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №16 кітапхананың ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Төлен Әбдіктің «Қонақтар» әңгімесі бойынша кітап талдауы № 211 мектеп оқушылары қатысуымен өткізілді.
Шара барысында бойынша көрнекті жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің өмір жолдары мен шығармашылығынан арнайы слайд жасалып таныстырылды. Жазушының әңгімесінен шағын көрініс қойылып, оқырмандардың шығармаға деген қызығушылығын арттырды. Әңгіменің басты кейіпкерлеріне талдау жасалып, шығарманың негізгі идеясы – баланың ата-ана алдындағы перзенттік парызы, қарашаңырақ, ата жолды ұстану туралы оқырмандар өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Шараның мақсаты: Оқырмандарға Т. Әбдіктің өмір жолдары мен шығармашылығын таныстыру, насихаттау. Қатысқандар саны - 24