Роботтар техника әлемінде
Қалалық жүйеге қарасты №1 кітапхана №101 мектеп-лицейінің 10-11 сынып оқушылары және информатика мамандарының қатысуымен «Роботтар техника әлемінде» атты үйірме мамандарымен кездесу сағатын өткізді.
Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, және басқа да салаларға еніп үлгерді, әсіресе өндіріс орындарында көбірек пайдаланылады. Зауыттардағы роботтар дәнекерлеу, сурет салу, машиналарды жүктеу, өнімдерді құрастыру, қауіпті материалдармен жұмыс істеу, химикаттарды бүру, бөлшектерді тексеру сияқты, т.б түрлі қызметтерді атқарады.
Шара барысында робототехниканың шығуы мен қолданылуын анықтау, роботтар тарихы, Қазақстандағы робототехниканың дамуы жайында мәліметтер берілді. Мақсаты: робот техникасының негіздерін, қолдану салаларын, олардың түрлерін, мүмкіндіктерін зерттеу.