Ел үмітін ер ақтар

  7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Осы керемет мейрам қарсанында, №2 балалар кітапханасында «Ел үмітін ер ақтар» атты кездесу кеші Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы – полковник Чункунов Алмас Тілеуқабылұлының  қатысуымен №233 Жаппасбай Нұрсейітов атындағы қазақ орта мектебінің 7 «Ә» сынып оқушылары арасында өткізілді.  
   Шара басында қысқаша тарихи деректерге жүгініп,  1992 жылдан бері аталып өтілетін мереке жайлы түсінік берілді.    Шара қонағы Алмас Тілеуқабылұлы өз сөзінде отан қорғау мақсатында атқарылып жатырған игі істер жайлы айтып, жас оқырмандардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.  Кеш барысында «Ел үмітін ер ақтар» атты   кітап көрмесі ұйымдастырылып,   әдебиеттерге шолу жасалды. Шараға 22 оқырман қатысты.
05 мамыр 2023 ж. 269

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам