Ұлағатты отбасы - ұлт құндылығы
Бүгін облыстық Жастар ресурстық орталығы мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің жастарының қатысуымен «15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне» орай «Отбасы – ұлт тірегі» атты облыстық жас отбасылар форумы өтті. Осы шараға арнайы А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана «Ұлағатты отбасы - ұлт құндылығы» атты кең көлемді көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырман қауымға кеңінен насихаттады. Кітап көрмесіндегі саналы өнегелі тәрбие беруге үлес қосатын отбасы туралы, қазіргі қазақ қоғамының жүрегінен ерекше орын алатын ата-анасынан айырылған балалардың аянышты тағдыры жайлы, балалар үйіндегі ұл-қыздардың қиын тағдырларын қарапайым түсінікті тілмен суреттейтін әдебиеттер қойылды.







