Қаруын қаламмен ұштастырған

   «Парасат жолы» жобасы аясында А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана Абылайхан атындағы №140 орта мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен, екінші дүние жүзілік соғыстың батыры, аты аңызға айналған партизан, көрнекті жазушы, қазақ әдебиетіндегі партизан тақырыбының негізін қалаушы Қасым Қайсеновтің өмірі мен шығармашылығына арналған   «Қаруын қаламмен ұштастырған» атты ерлік сабағын өткізді.  Шара барысында аты аңызға айналған батыр, "Халық қаһарманы", "Отан" орденінің және А.Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері Қасым Қайсеновтың өмір жолдары мен Ұлы Отан соғысындағы қиын-қыстау кезеңдер мен қарапайым жауынгерлердің ерлігін шынайы баяндайтын көптеген шығармалары туралы мәліметтер берілді. Шараға  кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ахат Жақсыбаевтың «Қайтпас қайсар» атты соғыс жылдарында жау тылында болған қиын-қыстау жағдайларды баяндайтын кітабы, Қасым Қайсеновтың «Жас партизан», «Жау тылында», таңдамалы повестері мен әңгімелері оқырманның ерекше сұранысына ие болды. Оқырмандар  батырдың басынан өткен оқиғалары жайлы жазылған әңгімелерді және де өлім мен өмір арасында арпалысқан кезеңдеріндегі хикаяттарын әңгімелеп, өз ойларымен бөлісті. Шара барысында Лед экраннан Қасым Қайсеновтың өмір жолына арналған бейнебаян көрсетіліп тұрды. Шара соңында мектеп кітапханасының меңгерушісі Махаббат Бақытбекқызы партизан  жазушы жайлы «Ол тек жауынгер ғана емес, Халық қаһарманы, көрнекті қаламгер ретінде біздің мәңгі есімізде қалады» деп өзінің жылы естелігімен сөзін аяқтады. 
  Шараның мақсаты: Оқырмандарды Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтің жау тылында өткен өмір жолдарымен  және  шығармашылығымен таныстыру, оның өнегелі өмірін үлгі ету, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.  Қатысқан оқырман саны -32

16 мамыр 2023 ж. 256

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам