Отбасым – алтын діңгегім
2023 жылдың 17 мамырында қалалық №16 кітапхананың ұйымдастыруымен 15 мамыр – Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасым – алтын діңгегім» атты өнеге сағаты өткізілді.
Шараға «Қызмет көрсету және сервис» колледжінің студенттері мен мұғалімдері қатысты. Шараның құрметті қонақтары болған Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бірінші наиб-имамы Әбенов Ж. Ә., ардагер-ұстаз – Жанаева Ж. А. отбасы құндылықтары, отбасының адам өміріндегі маңыздылығы, ұрпақ тәрбиесі туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Оқырмандар қонақтарға отбасы жайлы өздерін сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Сонымен қатар, кітапхана оқырмандары отбасы туралы өлеңдер оқып, ән мен күйден шашу шашты.
Шараның мақсаты: Оқырмандардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту,отбасындағы сыйластыққа, адамгершілікке, ынтымақ пен бірлікке тәрбиелеу.