Мұражай- тарих айнасы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапхана 18 мамыр –Халықаралық мұражай күніне арналған «Мұражай- тарих айнасы» атты ауызша журналды №271 мектептің 7,9 сынып оқушыларының қатысуымен Қызылорда қалалық өлкетану музейінде өткізді.
Музей қызметкері, экскурсия жетекшісі Карбозова Алтын Сәдірқызы оқырмандарды зор ықыласпен қарсы алды. Шара барысында оқырмандарымызға «Мұражай-тарих айнасы» тақырып аясында мол мағлұматтар берілді. Мұражай, музей (грек тілінен аударғанда муза сарайы) яғни тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.
Мұражай алғашында бағалы бұйымдар мен заттарды, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты, яғни көне замандағы колекцияларды сақтау негіз болды. Қазақстанда мұражай тарихы 1830 жылдан басталады. 1831 жылы Орынборда ашылған. Қазіргі таңда Қазақстанда 154 мұражай бар. Соның бірі осы қалалық музей. Музейдің ғылыми қызметкері Жаркиева Жадыра Мадиқызы оқырмандарды музей қорындағы құнды экспонаттармен таныстырды.
Шараға қатысушы оқушылар мұражайдың таусылмас қазына екендігін, өткен өмір тарихын, ескі табиғи заттардың қадір-қасиетін түсініп, музейді зор ынтамен тамашалап, мұражай жұмысының дамып, жетіле беруіне тілектестік білдірді. Біз де мұражай қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тілейміз!
Шара оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, өз елінің тарихын құрметтеу мақсатында өскелең ұрпаққа ой түюіне ат салысты.