«Өмірде шектеу жоқ» кітабы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана кәсіби мотивациялық оратор, «Жизнь без границ», «Неудержимый», «Любовь без границ», «Будь сильным» және тағы да басқа мотивациялық кітаптардың авторы Ник Вуйчичтің ғажайыпқа толы ғибратты ғұмыры баяндалған «Өмірде шектеу жоқ» кітабы бойынша кітап талдауын өткізді. Шара барысында «Өркениет» медицина колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Ә. Шаханов, колледж студенттері Г. Икмат, А. Арапбай, Н. Құттыбаева және т.б. табанды, еңбекқор, ақжарқын, рухы мықты, тағдырына еш өкпесі жоқ Ник Вуйчичтің «Өмірде шектеу жоқ» атты кітабынан адамды өмір сүруге деген титтей де болса жігерлендіріп, жастардың өмірдің мәнін түсінуге, қиындықтарға мойымай жеңіп шығуға рухани және психологиялық бағыт-бағдар мен тәлім-тәрбие беретін мазмұны терең шығармадан алған әсерлерімен ой бөлісіп, пікір алмасты.
Мақсаты - талайлы тағдыр иесінің шығармасын насихаттау арқылы жастарды түрлі ситуациялық жағдайларға мойымауға тәрбиелеу, өмірдің мәнін түсінуге деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыру.
Мақсаты - талайлы тағдыр иесінің шығармасын насихаттау арқылы жастарды түрлі ситуациялық жағдайларға мойымауға тәрбиелеу, өмірдің мәнін түсінуге деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыру.







