Заманының озық тұлғасы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана «Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ-нің демалушыларына Дешті Қыпшақ даласының даңқты перзенті, Ұлы даланың барысы, Мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Бейбарыс сұлтанның 800 жылдық мерейтойына орай тарихи тұлғаның есімін мәңгі ұлықтау, дәріптеу, оның ерен еңбегі мен ерлігі жайлы жазылған әдебиеттерді кеңінен насихаттау мақсатында «Заманының озық тұлғасы» атты іс-шара ұйымдастырды.
Шара барысында М. Шоқай атындағы №187 ІТ-лицейдің тарих пәнінің мұғалімі К. Еркебаева Дешті Қыпшақ даласында дүниеге келіп, жаугершілікте тұтқынға түсіп, қайсарлығы мен ержүректігі, дарыны мен даналығы арқасында қарапайым құлдан мемлекет басшысына дейін көтеріліп, мәмлүктердің төртінші сұлтаны болған, Египетті билеген Бейбарыс сұлтанның өнегелі өмір жолы және орыс жазушысы М. Симашконың «Емшан» шығармасы желісі бойынша режиссер Б. Мансұров түсірген екі бөлімнен, төрт тақырыптан тұратын «Бейбарыс сұлтан» тарихи фильмі жайлы жан-жақты әңгімеледі, кітапхана қызметкерлері Бейбарыс сұлтанның көрнекті тұлғасын танытатын, ел билеу тарихын баяндайтын «Түркістан» энциклопедиясына, «Тарихи тұлғалар», «Көркемсуретті Қазақстан тарихы», «Жүз тұңғыш», «Жүз жиырма тұңғыш», Қ. Сәкидің «Ер қаруы – бес қару», М. Симашконың кітаптарына және т.б. әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға библиографиялық шолу жасады.
Кеш соңында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ-нің басшысы Ж. Адыранова іс-шараны ұйымдастырған кітапхана ұжымына зор алғысын білдіріп, ардагерлер кітап көрмесін тамашалап, естелік суретке түсті.