Париж аспанын әнге бөлеген – Әміре
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана атақты әнші, актер әрі музыкант Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл толуына орай М.Қалауов атындағы өнер мектебінің оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен «Париж аспанын әнге бөлеген – Әміре » атты музыкалық қонақжай өткізді.
Шара барысында әншінің өмірі мен өнеріне арналған әдебиеттер мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар таныстырылып,
Голливудте үздік деп танылған «Әміре» фильмі туралы қызықты ақпараттар таныстырылды. Франция астанасында өткен дүниежүзі көрмесінде Әміре Қашаубаев "Ағаш аяқ", "Қанапия", "Үш дос", "Жалғыз арша", "Қосбалапан", "Балқадиша" әндердін орындап, күміс медальге ие болған болатын. Шара барысында концертмейстер Ли Нона Васильевнаның сүйемелдеуімен Абайқызы Қасиеттің орындауындағы «Балқадиша» әні көрермен қауымның зор ықыласына бөленді. Шараның негізгі мақсаты Қазақтың халық әндерін әлемге паш еткен – атақты әнші, актер әрі музыкант Әміре Қашаубаевтың өмір жолы жайлы ақпарат беріп, өнер жолын өнеге ету. Лед экраннан Әміре Қашаубаевтың өмір жолы жайлы деректі фильм көрметілді.Шараға 27 оқырман қатысты.