Еңбегімен еліне танылған

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында Еңбек Ері, қайраткер Ұзақ Еспановтың туғанына 95 жыл толуына орай жас өскелең ұрпақ өкілдерін еңбекке баулу мақсатында «Еңбегімен еліне танылған» атты ғибрат сағаты ұйымдастырылды. Ұзақ Еспанов 1928 жылы Мақпалкөл ауылында дүниеге келіп, еңбек жолын колхозшылықтан бастап мектепте мұғалім, мектеп директоры қызметтерін атқарған. Үздіксіз 30 жыл аудандағы екі шаруашылықты басқарып, қазіргі Мырзабай ахун атындағы, Мәдениет, Еңбек шаруашылықтарын «миллионер», «жүз мың центнершілер» қатарына қосқан. Ұ. Еспанов «Сыр күріші-ел ырысы», «Өрелі өзгерістер», «Көңілім көктем» кітаптарының авторы. Шара барысында  өз өмірбаянын еңбекпен жазған қайраткер Ұзақ Еспановтың өмірі мен еңбек жолы, шығармашылығы таныстырылды. Қатысқандар саны-12 адам.
24 мамыр 2023 ж. 17

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам