Күн –әлем шырағы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Абай ауылдық №5 кітапханада «Күн –әлем шырағы» атты таным сағаты өткізілді. Шараға қатысқан балаларға Күннің жердегі тіршілік үшін өте қажет екендігін, өйткені ол жарық, энергия және жылудың ең маңызды көзі болып табылатыны туралы айтылып, кітаптар насихатталды. Сонымен қатар төбемізде жарқырап тұрған күн туралы кейбір қызықты деректер, мақал –мәтелдер айтылып, жұмбақтар шешілді. Мақсаты: Күн- табиғат сыйы және адамзат үшін маңызды екенін түсіндіру. Шараға аула балалары қатысты.


