Даласында қазақтың, барлығы бар ғажаптың
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында еліміздің баға жетпес киелі жерлерін, табиғи байлығын насихаттап, оқырмандардың таным көкжиектерін кеңейту, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жаратылыстану саласындағы әдебиеттерге шолу жасау мақсатында «Даласында қазақтың, барлығы бар ғажаптың» бейнекруизді ұсынады.







