Алашорда үкіметі – ұлт зиялыларының тарихы
№2 балалар кітапханасында 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылыққұрбандарын еске алу күніне орай «Алашорда үкіметі – ұлт зиялыларының тарихы» атты ауызша журнал Қызылорда көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі мен «Өркениет» колледжінің студенттері қатысуымен өткізілді. Ауызша журналдың алғашқы бетінде елімізде қуғын-сүргінге ұшыраған алаш зиялылары туралы мәліметтер айтылса, екінші бетінде 31-33 жылдардағы ашаршылық нәубеті айтылып, үшінші бетінде Тәуелсіз республикада қабылданған алғашқы 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргінқұрбандарын ақтау туралы" заңы таныстырылды. Шара барсысында «Алашорда үкіметінің толық құрамына кімдер мүше болды?» деген сұраққа жауап беріліп, Тарих пәнінің мұғалімі Ермағанбетова Гүлнәр Әділханқызы шараны қортындылады.







