Ұстаз жүрегі жырлайды
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйісіне қарасты №5 кітапханасында ауыл халықының ыстық ықыласына бөленіп жүрген арынды Иран-Ғайып, сырлы сазды Торғайқызы Ділдахандай жыр жүйріктерінің жалғасы, ұстаз, ақын Оспанова Маралдың шығармашылығына арналған «Ұстаз жүрегі жырлайды» атты кездесу кеші өткізілді. Мақсаты:Ақынның өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, оның өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, ауыл жастарының кітап оқуға құлшынысын арттыру. Шараға Қалалық Ұстаз- Ардагерлер Кеңісінің төрағасы Мылтықбай Бәйімбетов,«Өлең сөздің патшасы» атты ардагер ақын ұстаздар клубының кураторы Ілиясов Совет Каримолдаұлы, Журналист Кенжалы Ермағанбет, Абай ауылының қызы, сазгер Ділдахан Торғайқызы қатысты. Шара ақынның «Сәуле құйдың санаға» атты өлеңін оқыған прологпен ашылды. Алғы сөзді Қалалық Ұстаз- Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Мылтықбай Бәйімбетов ашып , ақынға өзінің лебізін білдірді. Шара барысында Марал Оспанованың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беріліп, «Анама», «Дана ақын өсиеті», «Менің ауылым», «Поэзия падишасы», «Тәуелсіздік тұғырым» атты өлеңдері мәнерлеп оқылып, «Ұстазға», «Әжеме», «Туған жер» атты жүрекжарды жырларын шәкірттері Бекболат Бөлебай,Сұлтан Әсел, Қабылда Назерке оқыды. Автордың сөзіне жазылған "Ауылым Абайым» әжелер ансамблінің орындауына ән айтылды. Бір сағатқа созылған кеш аясында ақынға сөз беріліп, тырнақалды өлеңдері оқылды және оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.Сонымен қатар «Ұстаз жүрегі жырлайды» кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік қауымға таныстырылды.









