Тарихтағы таңбалы жылдар
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапхананың ұйымдастыруымен Қылмыстық атқару саласы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен, 31 мамыр қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтағы таңбалы жылдар» атты таным сағаты болып өтті.
Өткеннің өкінішті кезеңдерін еске алсақ, 1925 жылы елімізді басқаруға келген Ф.Голощекиннің саясатының теріс әсерінен қолдан ашаршылық жасалып, сонымен қатар ұлт зиялылары жаппай қуғын-сүргінге ұшырады. 40 млн-нан астам мал басының қырылуы ашаршылыққа әкеп соқтырды. Қоғам қайраткерлерінің қазақ халқына жасаған еңбектері, жазықсыз жандарды құрбан еткен сол зұлматты жылдардың ауыртпалығы, басынан өткен қиыншылықтары жазылған әдебиеттермен таныстырылып кітап көрмесіне шолу жасалды. Қатысқандар саны – 18