Сарғайса да тарихтың ақ парағы

 Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты  А.С.Пушкин атындағы кітапханада 31 мамыр саяси қуғын-сүргін   құрбандарын  еске  алу   күніне  орай «Сарғайса да тарихтың ақ парағы» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге  шолу өткізілді. Шолу барысында оқырмандарға  солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы, Астана қаласындағы «Алжир» саяси қуғын сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды мұражай кешені жайлы айтылды.  Кітапхана оқырмандары кітап көрмесімен танысып, қазақ елінде жазықсыз жапа шеккен ел зиялылары мен арыстары туралы, өмірі мен ерлігі туралы баяндалған «Алаштың ардағы», «Алаш арысы», «ХХІ ғасырдағы алаштың ақ жолы»,  Б.Қойшыбаев «Жазықсыз жапа шеккендер», Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы «Алаш қозғалысы» және  т.б   қазақ елінің зиялы қауымы жайындағы көптеген әдебиеттермен танысып, пайдалы  мәліметтер алды.
 
30 мамыр 2023 ж. 163

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам