Мақал - сөздің мәйегі
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 13 балалар кітапханасында «Жазғы кітап» жобасы бойынша «Мақал - сөздің мәйегі» атты мақал сайысы Ә. Тыныбаев атындағы №11 мектеп - лицейінің оқушылары қатысуымен өткізілді. Екі топқа бөлінген жас оқырмандар Отан, туған жер өнер, білім- ғылым білім, достық, ынтымақ, тәрбие, үлгі – өнеге, аң – құс, төрт түлік т.б. халық арасында көп тараған ауыз әдебиетіміздің ең көне мақал - мәтелдерді жатқа айтты. Бір- бірімен белсене жарыса қатысқан кітапхана оқырмандарына сыйлықтар берілді.


