Мен – кітаппын, білімнің бұлағымын

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында жас оқырмандардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал жасау, кітап оқыту арқылы адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу, ой-өрістерін кеңейту мақсатында К. Қаракөзов атындағы №235 орта мектептің «Балдәурен» күндізгі тынығу лагерінің демалушыларына арнап «Мен – кітаппын, білімнің бұлағымын» атты іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында кітапханашылар жас оқырмандарға қазақ балалар ақын - жазушылары Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Т. Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн», С. Мұратбековтың «Жабайы алма», Қ. Ағыбаевтың «Айналайын», Г. Исаеваның «Балаларға базарлық», С. Оспанның «Қоңырау» атты кітаптарына әдеби ойын-саяхат жасап, викториналық сұрақтар берді. Лагерь демалушылары шығармалардан алған әсерлерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды. Мақал-мәтелдер айтып, жұмбақтар шешіп алғырлықтарын, тапқырлықтарын, ой ұшқырлықтарын, кітап оқуға деген зор қызығушылықтарын көрсете білді. 
07 маусым 2023 ж. 397

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам