» » Жол жүру ережелері – біздің көмекшіміз

Жол жүру ережелері – біздің көмекшіміз

   А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана Смағұл Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің 1-курс студенттерінің қатысуымен «Жазғы кітапхана» жобасы аясында «Жол жүру ережелері – біздің көмекшіміз» атты  ойын  сағатын өткізді. Ойын барысында, қатысушыларға жол ережесі бойынша сұрақтар қойылып, түрлі  қиын  жағдайларда  жасалатын іс-әрекет жолдары  суреттер арқылы айтылып, жолда жүру ережелері  түсіндірілді. Шараға арнайы «Жол жүру ережелері – біздің көмекшіміз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ә.Тәжібайұлы, М.Досжановтың «Жол жүру қауіпсіздігі», Д.Жақсылықовтың «Жол апатына абай болайық», Г.Третяковтың «Көшеде сақтанып жүріңдер!», «ҚР жол қозғалысы ережесінен  емтиханға дайындауға арналған оқу құралы», «Жол жүру қағидалары», М.Арпабеков, А.Баубектің «Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары» т.б кітаптар оқырмандардың ерекше сұранысына ие болды.     
Ойын сағат барысында оқырмандарымыз жол ережелерімен, шартты белгілерімен, қауіпсіздік белгілерінің міндеттерімен нақтылай таныса отырып, белгіленген ақ жолақтан өту керек екендігін, сұрақ - жауаптарды кеңінен қолданып, ойынға белсене қатысты.
Бұл шараның мақсаты оқырмандарды  кітапханаға тарту, жастардың танымдық белсенділігін, жол белгілерін  білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық  көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін дамыту.
09 маусым 2023 ж. 377

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам