Салт-дәстүрім ғаламат бабалардан аманат
Қазақ халқының тұрмыс - тіршілігіне, салт дәстүріне бір сәт балалардың ой өрісін дамыту мақсатында Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 13 балалар кітапханасында «Жазғы кітап» жобасы бойынша «Салт-дәстүрім ғаламат бабалардан аманат» атты таным сағаты Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп - лицейінің оқушыларының қатысуымен өткізілді. Шара барысында кітапхананың белсенді оқырмандары Бердібеков Қайсар, Серікұлы Қарухан, Прзада Нұрзада, Октябрят Қуаныш, Құдайберген Сезім, Бақтыбай Балауса салт - дәстүріне байланысты ьірнеше сұрақтар ұтымды жауап берілді. 4 «Д» сынып жетекшісі Булекбаева Лаззат « Ата салтың - халықтық қалпың» демекші, өз ұлтымыздың қадір - қасиетін, ой -өрісін танытатын салт - дәстүрімізге мейлінше құрметпен қарап, оларды қастерлеу барша қазақтың елдігіне сын балаларға қарапайым сөзбен айтып шараны қортындылады. «Салт - дәстүрім ғаламат - атты бабалардан аманат» кітап көрмесіне «Қазақ салт - дәстүрлері», «Қазақ халқының салт - дәстүрлері», «Дәстүріңді сақтай біл», «Бабаңнан сағакн не қалған», «Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл», «Күйеу келтір қыз ұзат» «Қазақы неке» т. б. мерзімді басылым беттерінде жарық көрген материалдар қойылып, оқырмандарға насихатталды.
Шараның мақсаты: кітапхана оқырмандарына қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет -ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
Шараның мақсаты: кітапхана оқырмандарына қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет -ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.







