Мағжан жүрегінің тынысы жыр
№1 кітапхананың ұйымдастыруымен «Мағжан жүрегінің тынысы жыр» атты лирикалық жыр кеші № 11 мектеп-лицейінің 8-9 сынып оқырмандары арасында өткізілді. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрыңғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған « Мағжан-сыршыл ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып библиографиялық шолу жасалды. Оқырмандарымыз ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Шара соңында сынып жетекшісі Күнғабылов Абылай өз ойын қортындылап ақиық ақын туралы айтып өтті.







