Техника әлемінің қызықтары
№2 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен, балалар арасында техника саласындағы әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Техника әлемінің қызықтары» атты викториналық ойын өтті.Ойынға қызығушылық танытқан балалар «РОБОТ» және «ТОБОТ» екі топқа бөлініп, берілген: ««Автомобиль» сөзі нені білдіреді?» , «Алғашқы темір жол қайда пайда болған?», «Белгілі «соmputer» сөзі нені білдіреді?» т.б. сұрақтарға жауап бере отырып, «ТЕХНО» сөзін құрастырды. Ойын нәтежесінде викторинаның жеңімпазы «Тобот» тобы атанды.







