Ел рәміздері асыл мұрамыз.
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада 4 маусым -Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Ел рәміздері асыл мұрамыз » атты патриоттық кеш өтті.Шараға Облыстық «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің ардагерлері, Қызылорда облыстық қылмыстық – атқару департаментінің қызметкерлері және С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледж студенттері мен мұғалімдері қатысты. Шараға қатысушылар арнайы ұйымдастырылған «Тарихтан туған рәміздер» атты кең көлемді кітап көрмесімен танысты. Кітап көрмесіне ұлттық мақтанышымызға айналған-рәміздеріміз жайлы жазылған әдебиеттер, мақалалар қойылып, шараға қа кеңінен насихатталды. Атап айтқанда ҚР Конституциясы, үш тілде жазылған Е. Шаймерденовтың «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік рәміздері», Ш.Байкенованың «Мен Қазақстан азаматымын», М.Насимовтың «Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы»,«Менің Отаным тәуелсіз Қазақстан» атты кітаптар және Е. Әуезовтың «Елтаңба еншім, көк байрақ көркім, әнұран рухым» атты мақалалармен тереңірек танысты. Шара соңында ОКЖ-нің «Кітап қорын толықтыру және өңдеу» бөлімінің кітапханашысы Жаманаева Айгул Дарбасовна тарихи асыл мұрамыз болып бағаланатын мемлекеттік рәміздеріміздің терең мән-мағынасын ерекше тоқтала келе, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы үшін еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеп құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады деп, шараға келген ардагерлерімізге алғысын білдірді. Шараның мақсаты –Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерді нығайтып, рәміздердің пайда болуы мен тарихтағы маңызы жайлы ақпарат бере отырып, өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге шақыру.








