Атадан қалған асыл сөз.
№18 кітапханада ақын Шораяқтың Омарының туғанына 145 жылдығына орай «Атадан қалған асыл сөз» атты жыр сағаты дәстүрлі ән үйірмесінің оқушыларымен кітапхана оқырмандарының қатысуымен өткізілді. Шара қонағы №43 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағалиева Гүлзия. Жыр сағатына кітапхана оқырмандары белсене атсалысып, Абдулхамит Дамиржан, Қайыркен Мерей ақын жырларынан шашу шашты. Кеш қонағы Жұмағалиева Гүлзия Шораяқтың Омары туралы кеңінен әңгімелеп берді.









