Мағжан жыры мәңгілік.
Мағжан шығармашылығын оқырмандарға кеңінен таныстыру және жастардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында, жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада М.Мәметова атындағы жоғарғы педагогикалық колледж студенттерінің қатысуымен ақын, жазушы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, артына өшпес мол мұра қалдырған Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Мағжан жыры мәңгілік» атты жыр кеші өтті. Мағжан Жұмабаев көрнекті жазушы, ақын, публицист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ақын өз тегін, өз жерін мадақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ақтауға ұмтылған, өлең сөздің асыл маржанын төгілткен, сұлу жырымен оқырманын егілткен. Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығында мұңлы толғаныс, өкіну, қайғы – қасірет, күйініш те бар.







