Қолтаңбам – халқыма!

   А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада арнайы «Қолтаңбам – халқыма!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман назарына ұсынылды.
   Қолтаңбаларға деген қызығушылық соңғы уақытта айтарлықтай өсті. Кітаптағы жазу оған ерекше сипат беріп,  оның   оқырмандар үшін өте маңызды, құнды екенін көрсетеді. Өйткені автордың колы қойылған кітап, уақыт шежіресінің кітабы болып саналады. Сондықтан да  кітапхана авторлардың қолтаңбасы бар кітаптарды мұқият сақтап, әрдайым оқырмандарға насихаттап отырады. Кітап көрмеге  әртүрлі уақытта, әртүрлі жағдайларда сыйға берілген әдебиеттер:   қазақ опера әншісі, КСРО халық әртісі Б.Төлегенованың, жерлес ақын – жазушыларымыз: балалар ақыны А.Сопыбековтың, жазушы М.Әміреұлының, Ұ.Жүнісова, ақын – сатирик Н.Көбегенұлы, қоғам қайраткерлері – Ә.Бәкір, А,Божанова, эколог, профессор А.Нұрғызарыновтың және т.б өлкемізге белгілі тұлғаларымыздың шығармалары қойылды. Кітапхана оқырмандары кітап көрмесіне қызығушылық танытып, өз ара қызықты ақпараттармен бөлісті.
26 маусым 2023 ж. 155

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам