Смартфон және денсаулық

   2023 жылдың 26 маусымында № 16  кітапхананың ұйымдастыруымен №211 мектебінде «Күншуақ» жазғы тынығу лагерінің оқушыларымен «Смартфон және денсаулық» атты денсаулық сағаты өткізілді.   
  Шара барысында болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамға байланысты екендігі, денсаулықты сатып алуға болмайтындығын,спортпен шұғылдану, таза ауада серуендеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихатталып, түсіндірілді. Сонымен қатар электронды тақтадан «Смартфон және денсаулық» атты бейнеролик көрсетіліп, тапсырмалар мен сұрақтар ұсынылып, кітап көрмесі таныстырылды. Шара соңында  салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін таза ауада спорттық «Көңілді старт» ойыны  ұйымдастырылып, оқушылар ерекше көңіл күйге бөленіп, жақсы әсер алып қайтты.        
   Мақсаты: Смартфондар мен басқа да гаджеттердің артықшылықтары мен қауіптерін түсіндіру, адам денсаулығының қымбаттылығын, ең қасиетті де құнды, қайта орнына келуі қиын асыл қазынасы, бағалы байлық екендігін  насихаттау.
[media=https://youtube.com/shorts/k8eNSyQwoM0?feature=share]
26 маусым 2023 ж. 184

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам