Қажырлы қоғам қайраткер, ғибратты ғалым
№6 кітапхана және №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметкерлері cаяси күрескер, жалынды патриот, қоғам қайраткері Халел Досмұхамедұлының өмір жолымен,қызметімен таныстыру, оның ерен еңбегі жайлы жазылған әдебиеттерді кеңінен насихаттау мақсатында «Қажырлы қоғам қайраткер, ғибратты ғалым» атты портрет кешін ұйымдастырды.
Кітапхана қызметкерлері халқымыздың тарихы мен мәдени өмірінде өзіндік із қалдырған біртуар перзенттердің бірі Х.Досмұхамедұлының қажырлы еңбегін танытатын «Адамның тән тірлігі»,«Таңдамалы»,«Аламан»,«Денсаулығыңды сақтай біл» кітаптарына және «Қазақстан ғалымдары»,«Қазақстан» энцикклопедиясына т.б. әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға библиографиялық шолу жасады.
Іс-шара барысында ұлтымыздың рухани өрлеуі мен дамуына үлес қосқан Х.Досмұхамедұлының өнегелі өмір жолы жайлы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының демалушылары Ш.Әзілханов,К.Бердалиева,М.Абсадыков,Т.Баяханов әңгімелеп берді.
Кеш соңында №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметкері Л.Абенова іс-шараны ұйымдастырған кітапхана ұжымына зор алғысын білдіріп, ардагерлер кітап көрмесін тамашалап, естелік суретке түсті.