Домбыра-қазақ халқының мұрасы
Қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапханада қазақ музыкасы тарихының аңызына айналған қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына және ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра-қазақ халқының мұрасы» атты өнер сағаты ұйымдастырылды.Шараның мақсаты Құрманғазы Сағырбайұлының күйшілік өнерін, шығармашылығын, болашақ ұрпаққа кеңінен насихаттап, шебер күй орындаушыларын халыққа таныту.
Шараға «Бегімай» өнер орталығының жас күйшілері қатысып, М.Мұратбек, Н.Сұлтанбекова, Е.Рамазан «Балбырауын», «Келіншек» күйін орындап, өнер көрсетті. Шара барысында «Нағыз қазақ Домбыра» атты кітап көрмесі жасалып, оқырмандар назарына ұсынылды.