"Жат перзент" әңгімесі

   №11 Талдыарал ауылдық  кітапханасында   "Бір ел бір кітап" акциясы аясында белгілі қаламгер, қазақ прозасында өзінің ерекше қолтаңбасы бар жазушы Төлен Әбдіктің шығармаларын насихаттау мақсатында   "Жат перзент" әңгімесі бойынша кітап талдауы  өткізілді. Жазушы шығармашылығы кеңінен таныстырылып, кітапхана оқырмандары  К.Салықова    мен  К.Қорғанбек   шығарма  кейіпкерлері Рүстем мен Кәрімнің образы жайлы  кеңінен баяндады. Бас кейіпкер  Кәрімнің кек аламын деп есеппен болған махаббаттан, өз баласының өзгеге бала болып, өзгені әке атауы туралы  өкініші,    жанын жегідей жеп  санасын сан соқтырған сауалдар, ретсіз кекшілдіктің жеке өмірде зияны  жайлы  кеңінен пікірлер айтылды. Нәтижесінде  қоғамдағы жағымсыз қылықтарды айқын сипаттаған  жазушының  «Жат перзент»   әңгімесін қызығушылықпен оқитын оқырмандар саны артты. 
04 шілде 2023 ж. 294

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам