Еліміздің жүрегі - Астана
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен №11 мектеп - лицейдің жанынан құрылған «Ақкөгершін» күндізгі тынығу лагеріндегі балаларымен 6 - шілде Астана күніне орай «Еліміздің жүрегі - Астана» атты әдеби оқу өткізілді. Шара барысында жас бүлдіршіндер ару қала Астана туралы ақындардың жыр жолдарын жатқа оқыды. «Астана еліміздің мақтанышы» аты кітап көрмесі ұйымдастырылып, суретті кітаптар арқылы Астананың көркем бейнесі, маңызды сұлу ғимараттары, мәдени ошақтары жас бүлшіндерге таныстырылып, саяхат жасалды. Тынығу лагерінің ұстаздары мен тәрбиешілері қала жайлы әсерлі ойларымен бөлісті.







