Арман қалам, асқақ ордам
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызмет алушылары қатысуымен «Арман қалам, асқақ ордам» атты тақырыптық кеш өткізді. Кітапхана қызметкерлері қонақтарды кітапхананың кітап қорымен, кітап көрмелерімен, кітап қорындағы астана қаласы жайлы әдебиеттермен таныстырды. Кітапханаға саяхат жасаған ардагерелер Астана қаласы туралы ой-пікірлерін айтып, ұнаған шығармаларын жаздыртып алып, кітапханаға оқырман болып тіркелді.
Мақсаты: Елордамыз-Астана қаласының ұлттық рухани жаңғыруының маңызды нышаны болып табылатынын түсіндіру, мәртебесін арттыру, жетістіктерін насихаттау, кітапханаға оқырман тарту.
Мақсаты: Елордамыз-Астана қаласының ұлттық рухани жаңғыруының маңызды нышаны болып табылатынын түсіндіру, мәртебесін арттыру, жетістіктерін насихаттау, кітапханаға оқырман тарту.







