Ел жүрегі-Астана
Қалалық жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада оқырмандарға еліміздің бас қаласы туралы мәлімет беру, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық рухын көтеру мақсатында «Ел жүрегі-Астана» атты библиогид ұйымдастырылды. Библиогид барысында кітап көрмесіне қанатын кеңге жайып бара жатқан бас шаһардың кешегісі мен бүгінгісі, тарихы, елорданың мәдени және әлеуметтік дамуы туралы әдебиеттер ұсынылды. Атап айтар болсақ Ш.Шахайдың «Жан жүрегім-Астана» атты 3 тілді кітап-альбомы, «Астана энциклопедиясы», С.Түгелдің «Астана хикаялары» , «ХХІ ғасырдың Астанасы» 3 тілді кітап, қазақ жырының айтулы жүйрігі Несіпбек Айтұлының Астанамыздың мерейін терең толғаған жырлары жазылған кітаптары қойылып, оқырмандардың ерекше сұранысына ие болды.







